Зерттеушілер телефоны тыңдалған 2000 адам ішінде саяси және іскерлік орта тұлғалары, Қазақстанның экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекелестері көптеп жүргенін айтады. Орталық бұл адамдарды аңдуға тапсырыс Қазақстан үкіметі тарапынан берілген болуы мүмкін екенін жазды.
Pegasus – әлем бойынша мыңдаған адамды аңдумен айналысатын тыңшы бағдарламасы. Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының мәліметінше, журналистер бағдарламаның ықтималды нысанасы болған 50 мың адамның тізімін қолға түсірген. Олардың арасында тыңдалған 2000 қазақстандық бар.
Тізімде аты-жөндері аталатын ресми тұлғалар бұған байланысты әзірге пікір білдірген жоқ. Ал журналист Серікжан Мәулетбай мен құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина телефоны тыңдалатынын бұрыннан аңғарғанын айтып, мұны кәсіби қызметімен байланыстырады.
Пікір қалдыру