Жанболат Мамай: Абзалға моральдық қысым жасалып жатыр (видео)

/image/2021/07/21/crop-127_14_690x920_77777.jpg

Тіркелмеген Демократиялық партия өкілдері Алматы қаласы полиция департаменті ғимаратының алдында қамауда жатқан жақтастары Абзал Достияровты бостандыққа шығаруды талап етіп, аштық жариялағанына 3 күн болып қалды. Олар тек су ішеді, кезектесіп ұйықтайды. Наразылық акциясы жалғасқан 3 күнде кейбірі даладағы орындықтарда, кейбірі автокөлікте ұйықтаған. Белсенділер полиция өздерін қууыға тырысқанын, ара-тұра олармен қақтығысып қалғанын айтады. Сондай қақтығыстардың бірінде бүгін белсенділер Аружан Дүйсебаева мен Гулнара Мирманбаева жараланып, оларды жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

"Демпартия" белсендісі Абзал Достияров 14 шілдеде "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 6 тәулікке қамалған. Кейін қамау мерзімі бір күнге қысқартылып, белсенді 19 шілдеде босап шығуға тиіс еді. Бірақ сол күні кешке сот өтіп, Достияров тағы 15 күнге қамалған. Жанболат Мамай мұны белсендіге жасалған моральдық қысым деп санайды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар