"Нөсер, жел, бұршақ, дауыл". Қазгидромет алдағы 3 күннің ауа райы болжамын жариялады

/image/2021/07/23/crop-82_9_587x783_img_0256.jpg

Қазгидромет Қазақстанның оңтүстігінде ыстық күтілетінін және солтүстікте жаңбыр жауатынын хабарлады.

"24 шілдеде Қазақстанның батысында, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ болуы да ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі", делінген хабарламада.

Синоптиктер алдағы уақытта 46 градусқа ыстық болады деп болжауда. 

Күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста ауа температурасы 38-46 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Ал солтүстікте, керісінше, ауа температурасы 32-40 градустан біртіндеп 20-30 градусқа дейін түседі.




Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар