Токио-2020: Елдос Сметов жапондық спортшыдан жеңілді

/image/2021/07/24/crop-69_17_817x1090_848c23e7-c080-4031-9a43-12a7c937e152.jpeg

Токио олимпиадасында қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов жапониялық балуан Наохисо Такатодан жеңілді.

60 келі салмақта белдескен Елдос Сметов жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен кездескен болатын. 

Тартысты кездесу шамамен он минутқа созылды. Балуандар кездесудің негізгі уақытында жеңімпазды анықтай алған жоқ. 

"Golden Score" кезеңінде Елдос бар күшін салғанымен, қарсыласы "ваззари" ұпайын еншілеп, финалға өтті.

Ал Елдос Сметов Токио олимпиадасының қола медаліне таласады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар