Токио-2020. Зілтемірші Зүлфия Чиншанло қолаға қол жеткізді

/image/2021/07/26/crop-73_9_515x687_10da9e37-1b02-46c5-80d0-d46eda55fc22.jpg

Токио олимпиадасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz сайты. 

Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 ұпай жинады. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеруде 123 келіні бағындырды.

Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді.

Қазақстанда Токио олимпиадасында әзірге 3 қола бар. Бұған дейін Елдос Сметов (дзюдо) пен Игорь Сон (ауыр атлетика) 3-орын алған. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар