Қазақстандық таеквондошылар олимпиаданың екінші кезеңінде ұтылды

/image/2021/07/27/crop-89_22_1239x1652_8.jpeg

Қазақстандық таеквондошылар Дениз Жансель мен Руслан Жапаров Токио олимпиадасының екінші айналымында жарыстан шығып қалды, деп хабарлады Olympic.kz сайты. 

Әйелдер арасында 67 келіден жоғары салмақта сынға түскен Жансель ұлыбританиялық Бьянка Уолкденнен 7:17 есебімен ұтылды.  

Ерлер арасында 80 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Руслан Жапаров Оңтүстік Корея спортшысы Кио Дон Инге 2:10 есебімен ұтылды.

Егер отандық спортшылардың қарсыластары финалға жетсе, Жапаров пен Дениздің қола медальға таласатын мүмкіндігі пайда болады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар