Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 101 адам қайтыс болған, 2000 адамның жағдайы ауыр

/image/2021/07/30/crop-12_43_435x773_201231084631082e.jpg

29 шілдеде 7778 адамнан ПТР тест арқылы коронавирус, 304 адамнан пневмония анықталған. 28 шілдеде 80 адам коронавирустан, 21 адам пневмониядан көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Вирустың таралуы әсіресе республиканың 3 ірі қаласында өршіп тұр. Бір тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында 1555, Алматыда 1680, Шымкентте 452 адамнан вирус анықталған. Өзге аймақтар бойынша 29 шілдеде расталған жағдайлар туралы ақпарат төмендегідей.

Ақмола облысында – 272,

Ақтөбе облысында – 302,

Алматы облысында – 270,

Атырау облысында – 422,

Шығыс Қазақстан облысында – 261,

Жамбыл облысында – 215,

Батыс Қазақстан облысында – 189,

Қарағанды облысында – 931,

Қостанай облысында – 231,

Қызылорда облысында – 220,

Маңғыстау облысында - 230,

Павлодар облысында – 275,

Солтүстік Қазақстан облысында – 152,

Түркістан облысында – 121.

30 шілдедегі мәлімет бойынша, 91 133 науқас коронавирустан, 2 447 науқас пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 26 408 пациент стационарда, 67 172 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 1 639 адамның жағдайы ауыр, 345 пациенттің жағдайы өте ауыр, 180 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

30 шілдедегі мәлімет бойынша вакцинаның I компонентін 5 321 718 адам, II компонентін 3 632 067 адам салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар