БҚО-да әкім ауыл тұрғынын қорлағаны үшін жазаланды

/image/2021/07/30/crop-52_14_561x748_abcbaa06-6a0e-4904-a622-03db54944252.jpeg

Батыс Қазақстан облысы Махамбет ауылының әкімі Бейбіт Аманғалиевтің үстінен іс қозғалды. Бұл туралы "Мой ГОРОД" сайты хабарлады.

29 шілдеде мемлекеттік қызмет істері департаменті әкімнің үстінен тәртіптік іс қозғалғанын хабарлады. Ведомствоның бас маманы Дәурен Қайыровтың айтуынша, Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінің тұрғыны әкімнің үстінен арызданған. Әкім Бейбіт Аманғалиев оған тіл тигізіп, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөз айтқан.

– Ауыл тұрғындарының жиналысы кезінде әкім (Бейбіт Аманғалиев-ред) мен Таңжарықова (шағымданушы-ред) арасында жанжал туындаған. Артынан әкім басқа бір адамға WhatsApp мессенджері арқылы дауыстық аудиохабарлама жіберген. Онда әйелдің ар-намысына тиетін әдепсіз сөздер айтылған. Кейін аудиожазба әйелдің қолына түскен. Балағат сөз болмаған, бірақ ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін сөздер айтылған, – деді Д. Хайров. 

Талқылау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес Бейбіт Аманғалиевтке шара қолданып, оған "қатаң сөгіс" жариялау туралы шешім қабылдады.

Әкім Бейбіт Аманғалиев мемлекеттік қызметте 11 жылдан бері істеп келеді. Шенеунік аталған жайт бойынша өз қателігін мойындап, ешбір жағдайда ауыл тұрғындарын ренжіткісі келмейтінін айтты.

Бұған дейін, БҚО Бәйтерек ауданы Яникино ауылының әкімі Ауған Алмурзинге қатысты іс қозғалған. Ол көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Осылайша, әдеп жөніндегі кеңесте шенеунікті қызметінен босату туралы шешім қабылданған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар