Қазақстанда нан бағасы қымбаттаған

/image/2021/07/30/crop-88_15_774x1033_7.jpg

Қазақстанда нан өндірісі төмендеп, баға өсіп жатыр. Бір жыл ішінде ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің құны 6 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы energyprom.kz сайты хабарлады.

Макарон, кеспе, ұн өнімдерінің өндірісі 75,6 мың тоннаға дейін азайған. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 17,9 пайызға төмен. Қысқа мерзімде сақталатын тәтті тоқаштар мен кондитерлік өнімдер өндірісі 13,9 мың тоннаға дейін (17,7 пайыз) қысқарған. Тек кептірілген нан мен печенье, кондитерлік өнімдер мен ұзақ сақталатын тәтті тоқаштар өндірісі ғана 56,5 мың тоннаға (8 пайыз) дейін төмендеген.

Қара бидай нанының бағасы 9,2 пайызға, макарон бағасы 10,3 пайызға, кеспе өнімдері 11,6 пайызға өскен.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар