Коронавирус пен пневмония. Тағы 158 адам қайтыс болды

/image/2021/08/05/crop-283_17_1045x1394_cb2a04dcf9f4530bc8d1fd1452c1bccd.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі 4 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жариялады.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7792 адамнан коронавирус, 379 адамнан пневмония анықталған. 3 тамызда 125 адам коронавирустан, 33 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны  610 744-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 62 151. 

5 тамыздағы мәлімет бойынша, 104 377 адам коронавирустан,  3 223 науқас пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр, 202 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бүгінде Түркістан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақта. Ал, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары коронавирустың "қызыл" аймағында тұр. 

4 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда 5 584 190 адам вакцинаның I компонентін, 4 148 969 адам II компонентін салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар