Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова спорттық карьерасын аяқтағанын Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
– Менің спорттық карьерам Ольга Саладуха мен Катерина Ибаргуэннің осы салада өнер көрсеткен кезіне келгеніне қуаныштымын. Мен сияқты олар да Токио олимпиадасынан кейін карьерасын аяқтайды. Бірақ олар ең керемет "үштік" болып қала береді. Мен оларды тек қарсыластар ретінде ғана емес, жақын адамдарым, нағыз достарым ретінде де қатты жақсы көремін және құрметтеймін. Біз жарыстан тыс жерде бірнеше рет кездесеміз деп үміттенемін. Мен олардың барлық жоспары мен армандары орындалғанын тілеймін, – деп жазды Рыпакова.
Ольга Рыпакова ұзындыққа секіруден, үш қарғып секіруден ел атынан шыққан қазақстандық жеңілатлет. Лондон олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро олимпиадасының қола жүлдегері (2016).
Токио-2020 олимпиадасында алғаш рет медальсыз қайтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру