30 қыркүйекке дейін кімдер көлігін Қазақстан аумағынан шығарып үлгеруі керек?

/image/2021/08/09/crop-328_21_1019x1358_6bde340c-e03c-4f22-8e15-ecdcd88c0b82.jpeg

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан қандай көліктердің шығарылуы керектігін мәлімдеді.

"Шетел азаматтары өзінің тұрғылықты еліне және көлікті әкететін елге қайтару үшін мемлекеттік шекарадан аталмыш көлікті мініп өте алады. Егер ол мүмкін болмаса, тасымалдаушылардың қызметін пайдалана алады" делінген хабарламада.

Бұл талап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік нөмірі бар көліктерге қатысы жоқ.

– Қазақстан азаматтарына Еуразиялық экономикалық одақ аумағында Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының көлік құралдарымен уақытша әкелу мерзімдерін есепке алмастан жүруге болады. Ал Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының көлік құралдарымен сенімхат бойынша басқару құқығынсыз жүре алады" делінген комитет хабарламасында.

Шетелдік көлік құралдарын әкету туралы талап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бүкіл аумағына қолданылады. Яғни, шетелдік көлік Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан тыс аумаққа шығарылуы керек.

Одақ аумағына үшінші елдерден әкелінген көлікті тиісті кедендік рәсімдеусіз бір жыл ғана тебуға рұқсат беру туралы шешімді Еуразиялық экономикалық кеңес 2020 жылғы 29 сәуірде шығарған болатын.

Бұл кезде пандемия өршіп, шекаралардың бәрі жабық тұрғандықтан, мерзім 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартылған еді. Бұл мерзім біткеннен кейін Әкімшілік полиция комитеті мен Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері бірлесіп уақытша жүру мерзімі аяқталған көліктерді іздейді. Ондай көліктер табылған жағдайда айып тұрағына қамалады.

"Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасы бойынша уақытша әкелу мерзімдері өткеннен кейін жеке тұлғада кедендік төлемдерді төлеу міндеттері туындайды. Төлемнің мөлшерін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері есептейді" делінген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар