Қазақстанда Pfizer вакцинасы жүкті әйелдер мен балалар үшін қолжетімді болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
– Бастапқы кезеңде, қазан айында Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдерге қолжетімді болады. Сондықтан бұл вакцинаның көп күтудің керегі жоқ, қазір барып екпе жасата берген жөн. Бір апта ішінде бізде тағы бір вакцина болады, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған. Осы орайда бұл вакцинаны да салдыру мүмкіндігі болады, – деді министр.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын қолжетімді етуді тапсырған.
Пікір қалдыру