Қытай вакцинасы Қазақстанға жеткізілді

/image/2021/08/10/crop-25_3_223x297_7777.webp

Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасының бірінші партиясы, Алматы "СК-Фармация" қоймаларына жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады

Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша, Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген Sinopharm вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды. 

Қытай вакцинасының бірінші партиясы 1 млн дозадан тұрады. Ол елде бесінші вакцина болып тіркелді. Sinopharm препараты қазақстандықтарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін қолданылады. 

Sinopharm ДДҰ-мен қауіпсіз және тиімді деп жіктелген алғашқы қытай препараты, 45 елде ересектерге вакцинациялауға рұқсат етілген. Бүгінгі таңда Қытайдан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұлданған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар