Денсаулық сақтау министрлігі 10 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жариялады.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7657 адамнан коронавирус, 588 адамнан пневмония анықталған. 9 тамызда 130 адам коронавирустан, 24 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 656 777-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 64 056.
11 тамыздағы мәлімет бойынша, 112 843 адам коронавирус инфекциясынан (–108 824 + және 4 019 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 181 пациент стационарда, 82 662 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1808 адамның жағдайы ауыр, 451 пациенттің жағдайы өте ауыр, 215 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
11 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 879 016 адам, 2-компонентін 4 505 662 адам салдырған.
Пікір қалдыру