Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулысын жариялады. Құжатта Vell Cell вакцинасына қатысты жаңа ескертулер айтылған.
COVID-19-ға қарсы Vero Cell вакцина SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02 штамынан жасалған. Онда антибиотиктер мен консерванттар жоқ.
Вакцина 18 жастан асқан ересектерге арналған. Екі компонентпен егіледі, әр доза 0,5 мл. құрайды. Препарат адамның қол бұлшықетіне салынады. Тамыр ішіне енгізуге қатаң тыйым салынады.
Вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер. Олар;
вакцинаның кез-келген компонентіне (оның ішінде қосымша заттарға) аллергия;
вакцинаға аллергиялық реакциялар (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);
бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы;
жүктілік және лактация кезеңінде;
18 жасқа толмағандарға егілмейді.
Пікір қалдыру