Қажылардың қалы қалай?

/uploads/thumbnail/20170708194610027_small.jpg

Мұсылмандық парыздың  бесіншісін  өтеуге Меккеге  жолға шыққан қазақстандық қажылар  Мина жазығына жеткізілді.  «Қажылық ол-Арафат» деп пайғамбарымыз  Мұхаммед  с.ғ.с.   өз хадисінде айтып өткендей, олар бүгін Арафат тауына шығады.

  "Биылғы үлкен қажылық сапары жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Әсіресе, ҚМДБ - ның Қажылық миссиясы қажылық сапасын қадағалау үшін барынша белсенді әрекет жасауда. Компанияларды тұтқиыл тексеріп, қажылардың жатын орны, тамақтануы, денсаулығы, компаниялардың ұйымдастыру қызметі, уағыз-нәсихат жұмыстары, міндеттері мен қызмет сапасын барынша қадағалауда» деп өз ойымен  компания басшысы Аманкелді қажы Еренғайыпұлы бөлісіп өтті. Осылайша, Алланың қонағында жүрген жерлестеріміз бесінші парызына  өтеуге кірісіп кетті.

 Оразбек САПАРХАН,  арнайы «Қамшы»порталы үшін 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар