Коронавирус. Тағы 118 адам қайтыс болды

/image/2021/08/20/crop-95_13_395x527_2021-08-20_11-24-13.png

Денсаулық сақтау министрлігі 19 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7348 адамнан коронавирус, 339 адамнан пневмония анықталған. 18 тамызда 118 адам коронавирустан, 45 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 723 064-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 67 141.

20 тамыздағы мәлімет бойынша, 122 620 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 30 128 пациент стационарда, 92 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1918 адамның жағдайы ауыр, 551 пациенттің жағдайы өте ауыр, 248 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.

19 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 229 329 адам, 2-компонентін 4 867 622 адам салдырған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар