Талибан НАТО күштерінде немесе Ауғанстанның бұрынғы үкіметінде жұмыс істеген адамдарды іздестіруді күшейтті, деп хабарланды БҰҰ таратқан ақпаратта.
Құжатта тәліптер үй-үйді аралап, "қара тізімдегі адамдарды" тауып, олардың отбасы мүшелеріне үрей туғызатыны айтылған.
Талибан билікті қолына алғаннан бері "кек алмайтынын" айтып, ауғандықтарды сендіруге тырысқан.
Бұл ақпараттар норвегиялық "RHIPTO" жаһандық талдау орталығының құпия құжатында айтылған. "RHIPTO" орталығы БҰҰ-ға барлау мәліметтерін беретін ұйым.
"Қазіргі уақытта Талибан көптеген адамды іздестіріп жатыр, оларға анық қатер төніп тұр" дейді жаһандық талдау орталығының басшысы Кристиан Неллеманн.
Ол Талибанның қара тізіміндегі кез келген адамға үлкен қауіп төніп тұрғанын, жаппай өлім жазасы болуы мүмкін екенін ескертті.
Пікір қалдыру