Жігітінің қылмысын жасырған қыз ұсталды

/image/2021/08/20/crop-47_17_518x921_7192677.jpg

Павлодар облысында жігітінің адам өлтіргенін жасырған қыз ұсталды, – деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 30 жастағы ауыл тұрғынына қатысты істі тергеп жатыр.

– Маусым айының соңында Успен ауданының Қозыкеткен ауылында 22 жастағы жергілікті тұрғын жанжалдан кейін танысына пышақ жарақатын салып, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Ауыл тұрғыны қылмыстың куәгері болған, бірақ полицияға болған оқиға туралы хабарлаудың орнына, заттай дәлелдемелерден арылуға тырысқан, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Қыз қылмыс құралы – пышақты жуып, жасырды, сонымен бірге марқұмның заттарын жуды деген күдікке ілініп отыр.

– Осыдан кейін тұрғындар оқиға орнынан кетіп, бақшаға тығылған. Олар жазадан жасырыну үшін ауданнан кетуді жоспарлаған, бірақ жоспарлары жүзеге аспады. Бірнеше сағаттан кейін полиция ұстады, – деп толықтырды  Ж. Қайыров.

Қылмыс жасаған күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы қылмысты жасырған оның сүйіктісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар