Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылындағы магистратура гранттары иегерлерінің тізімін жариялады.
Комиссия құрамында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, Қазақстан студенттерінің Альянсы және "Отандастар" қорының өкілдері болған.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілген. Өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 2 мыңға артып, тестілеуге 36 мың адам қатысқан.
Биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға 12 329 грант және бейіндік магистратураға 500 грант бөлінген. "Шет тілі мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар", "Математика мұғалімдерін даярлау" және "Құқық" бағыттары сұранысқа ие.
Барлық грант иегерлері 28 тамызға дейін жоғары оқу орнының виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы ЖОО-ға құжаттарын тапсыруы тиіс.
Грант иегерлерінің тізімі
Пікір қалдыру