Шымкенттегі «алтын орда» галереясы туристер тарапынан ерекше қызығушылыққа ие

/image/2021/08/23/4.jpg

Біріккен Ұлттар ұйымы 2021 жылды - Халықаралық креативті экономика жылы деп жариялады. Креативті экономика дегеніміз - адам қиялынан шығарылған өнімді сату, одан пайда табу деген сөз. Яғни творчестволық өнімнен пайда табу. Ал, туризм барлық шығармашылық саламен тығыз байланысты. Атап айтқанда: сәулет, өнер, қолөнер, дизайн, сән, кино, IT салалары.
Дәл осы шығармашылық салада табысты жұмыс істеп келе жатқан - «Алтын Орда» көркемсурет галереясы. Бұл орталық - Шымкентке келуші отандық және шетелдік туристер тарапынан ерекше қызығушылыққа ие. Қазақ халқының қолөнері сонау ықылым заманнан бері, күнделікті жаңғырып, түрленіп жатқан өте бай қазына. Сол құндылықтың тамырын кең жайып, маңызын жоғалтпай дәріптеп келе жатқан жанұяның бірі - Бейісбековтер әулеті.

Мен қолданбалы өнердің бірнеше түрін меңдім. Бұл салада 30 жылдан аса еңбек етудемін. Бүгінде сүйген ісімді кәсібіме айналдырып, жеке отандық брэнд қалыптастырып отырмын. Жұбайым мен балаларым да дәл осы сала иелері. Киізден түрлі жасау жасап, түскиіз тоқып сонымен қатар ер-тұрман соғамыз.

Қиялы ұшқыр шебер отбасының туындылары қазақы салт- дәстүрді ұштастыра отырып жаңғыртуымен ерекшеленеді. Шеберлер отбасының ұлттық бұйымдар мен көздің жауын алар кәдесыйлары үнемі сұранысқа ие.
Ғасырлар бойы атадан балаға мұра боп қалған қолданбалы өнерді насихаттаушы жандар журналистер қауымына көне бұйымдардың жасалу тәсілін үйретіп, шеберлік сағатын өткізді

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар