Шымкентте көкөніс қоймасын салу жоспарлануда

/image/2021/08/23/crop-101_55_819x1092_114143655700.jpg

Шымкент қаласында көкөніс сақтайтын қойма салу жоспарланып отыр. Оны кәсіпкер өз есебінен жүзеге асырмақ. Өткен аптада өткен инвестициялық штабтың отырысында жобаның таныстырылымы өтіп, өзекті мәселелері талқыланды.

Жоба ұсынушы «КЕРЕМЕТ-САПА» ЖШС жетекшісі қоймада 2 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға болады дейді. Қойма тауарлардың ұзақ уақыт балғын күйде сақталуын қамтамасыз етеді.
Жоба құны – 500 млн теңге. Жоба жүзеге асқан уақытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қала әкіміне инвестор қойманы салу үшін 1 гектар жер телімі қажеттілігі туындап отырғанын айтып, көмек берілуін сұрады. Шаһар басшысы аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына инфрақұрылымы дайын аумақтан жер телімін беру туралы шешім қабылдады.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар