Зағип жандарға сөйлейтін кітап сыйла

/image/2021/08/24/crop-142_42_752x1003_10.jpg

Шымкентте ерекше жоба бастау алды. «Зағип жандарға сөйлейтін кітап сыйла», деп аталынатын жоба алғаш рет қолға алынып отыр екен. Мәдениет басқармасы мұрындық болған шарада мәдениет майталмандары мен белгілі актерлар мен дикторлар кітапты оқып үнтаспаға жазып алып таратып жатыр.

Яғни оқи алмайтын зағип жандар кітаптың толық нұсқасының аудио жазбаларын тыңдайтын болады. Акцияға кез-келген қала тұрғыны өз үлесін қоса алады.

Арнайы кітапханаға қаламызыдың театр актерлары, дикторлар және түрлі сала қызметкерлері келіп қайырымдылық шарасына атсалысуда. Шет ел және жергілікті жазушылардың тың туындыларын дыбыстап, сөйлейтін кітаптардың қатарын көбейтуде. Кітапхана директорының айтуынша алдағы уақытта да бұл сауапты іс-шара жалғасын таба бермек.

Мұнда біз өз күшімізбен қазақстандық, шетелдік және жергілікті жазушылардың кітаптарын дыбыстаймыз. Біздің кітапхана 5931 кітап шығарды.

Ілкімді іске көмек қолын созуға Ж. Шанин атындағы қазақ драма театрының актеры Еркінбек Шымырқұлов та келген. Мәдениет майталманының айтуынша бұндай қайырымдылық шараның берекесі мен сауабы мол. Зағип жандар біз дыбыстаған сөйлейтін кітаптарды тыңдап, ілім алып, жадына түйер дүние алып жаса үлкен мәртебе, - дейді тетар актеры.

Біз өз дауыстарымызды тек сахнадан немесе экрандардан ғана емес, аудиокітаптар арқылы да естуге қуаныштымыз. Біз дикторлық жұмысымыздың көмегімен зағип жандарға қолдау көрсетеміз деп үміттенеміз. Енді мұндай адамдар жаңа білім мен шығармаларды оқудан ләззат ала алады.

Айта кетейік кітапхана қорында жалпы 140 мыңнан астам оқулық болса, оның 45 мыңнан астамы сөйлейтін кітаптар. Соның 6 мыңға жуығы дәл осы арнайы кітапханада дыбысталған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар