Шымкент қаласында өткен тәулікте 147 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 19 тасымалдаушы тіркелді. Індет жұқтырған 98 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 51 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 55%-ды құрайды, 1670 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2110 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 559 төсек орын бар, 346 науқас ем қабылдауда.
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 427 382, тәулігіне–1039. Бір тәулік ішінде қалада 4674 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 413 654 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 343 920 адам вакцинаның екі компонентін алды. Олардың бірі Гүлмира Адайқызы.
Ол коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы екендігіне күмәні жоқ. «Әр азамат өз денсаулығы үшін жауапты»,- дейді екпенің екінші компоннетін қабылдаған қала тұрғыны.
Мен вакцинация туралы көп оқып, ақпарат жинадым. Содан өзімнің және жақындармның денсаулығы үшін мен вакцина қабылдаймын деп шештім. Мен мүлдем өкінбеймін. Бүгін вакцинаның екінші компоненті салынды. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Барлық тұрғындарды вакцина алуға шақырамын.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 23 тамыз күні 449нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 13 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Пікір қалдыру