Талибан ұйымы Ауғанстанда үстемдігін орнатып үлгермеген жалғыз аймақ – Пенджшир провинциясы. Пенджшир қаласының қауіпсіздігін өз қолына алған жетекшілердің бірі Фехим Дешти тәліптермен арадағы мәселелерді келіссөз арқылы шешуді мақсат еткенімен, соғысқа да дайын екенін айтты.
Оның айтуынша, Панджширдегі жағдай тұрақты.
– Халық күнделікті жұмыстарына барып-келіп жүр. Мемлекеттік қызметкелер мен саудагерлер де тіршіліктерін жалғастыруда. Алайда Талибанның кез келген уақытта жасайтын шабуылына дайын болуымыз қажет. Сондықтан біз де жәй отырған жоқпыз, – деді ол.
Фехим Дешти тәліптер мен оларға қарсы топтар арасындағы келіссөз жалғасып жатқанын, Ауғанстан халқының болашағы, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін келіссөздерді қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ Ауғанстандағы барлық тараптар мен партияларды қабылдайтынын айта келе, әлеммен жақсы қарым-қатынаста болатынын мәлімдеді.
– Біз мәселені келіссөз арқылы шешуге болатынына толық сенеміз. Біздің мақсат – Пенджширді қорғау ғана емес, сонымен бірге Ауғанстанның бүкіл географиясын және еліміздің құндылықтарын қорғау. Сондықтан тәліптер соғыс пен зорлық-зомбылықты жалғастыра берсе, біз өзімізді қорғауға дайынбыз, – деді ол.
15 тамызда тәліптер Ауғанстан астанасы Кабулды басып алғанан кейін, президент Ашраф Ғани елден кеткен. "Талибан" ұйымы Пенджшир провинциясынан басқа Кабулдың солтүстігіндегі барлық аймақтарды бақылауға алды. Пенджширді таулы және рельефті (жер бетіндегі таулар мен ойпаттар жиынтығы - ред) жағдайларға байланысты алу қиын екені айтылған.
Ахмед Месуд өзін Панкшир провинциясында құрылған жергілікті қарсыласу топтарының басшысы екенін жариялап, халықты "Талибанмен күресуге" шақырды.
Пікір қалдыру