Ілияс Жансүгіровтың ұлы қайтыс болды

/image/2021/08/25/crop-3_67_141x188_050907081500.jpg

Белгілі ақын, жазушы, алаш арысы Ілияс Жансүгіровтың үшінші әйелі Фатима Төребаевадан туған ұлы Саят Жансүгіров 91 жасында өмірден озды. Бұл туралы балалар жазушысы, әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай хабарлады.

Кенші, техника ғылымдарының кандидаты Саят Жансүгіров 1930 жылы 21 ақпанда дүниеге келген. Мәскеуде білім алып, зейнетке шыққанша тау инженері болып жұмыс істеген. Қазақ ССР ғылымдар академиясының тау-кен ісі институтында біраз уақыт еңбек еткен.

Ол үйдің тұңғышы болған. 8 жасында әкесінен айырылып, артынан анасы да көз жұмған. Бұл Саяттың еңбекке ерте араласуына әсер етті. Ол 13 жасынан бастап жұмыс істей бастаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар