Covid-19. Тағы 104 адам қайтыс болды, 16 өңір "қызыл" аймақта

/image/2021/08/31/crop-48_20_1777x2370_12345keychprsop.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі 30 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 4322 адамнан коронавирус, 39 адамнан пневмония анықталған. 29 тамызда 82 адам коронавирустан, 22 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 789 471-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 69 732.

31 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 402 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 25 582 пациент стационарда, 87 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1791 адамның жағдайы ауыр, 475 пациенттің жағдайы өте ауыр, 216 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.

30 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 629 678 адам, 2-компонентін 5 365 824 адам салдырған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар