Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздар, оқушылар мен студенттерді білім күнімен құттықтады.
Министр биылғы оқу жылы қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталатынын атап өтті.
– Әлемдік пандемия білім беру үрдісіндегі мұғалімнің баға жетпес рөлін айқындай түсті. Атап айтсақ, мұғалімнің кәсібилігі, тәжірибесі, балаға деген сүйіспеншілігі мен оқушының өміріндегі атқаратын рөлі айқындалды. Әлбетте, мұғалімдер гаджет экрандары арқылы емес, балалармен тікелей байланыста бола отырып беретін білімді заманауи технологиялармен салыстыру қиын, – деді Аймағамбетов facebook парақшасында.
Ведомсто басшысы биыл 394 мыңға жуық бала 1-сыныпқа баратынын, "Әліппе" мен "Букварь" оқулықтарын қолына алатынын айтты.
Пікір қалдыру