Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшерін айтты.
– Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында "алтын" медальға 1500 АЕК, биыл ол 4,5 миллион теңгеге жуық, "күміске" – 1000 АЕК, "қолаға" – 500 АЕК ақшалай біржолғы сыйақы тағайындау жоспарлануда, – деді Аймағамбетов.
Сондай-ақ министр халықаралық олимпиада жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант берілетінін мәлімдеді. Бұл мәселе заңнамалық түрде реттеледі.
Жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар мен тәлімгерлерге де біржолғы қаржылай сыйақы беру жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру