Қазақстанның бір облысында карантин шараларына өзгеріс енгізілді

/image/2021/09/02/crop-194_9_721x961_d8dfe672-1bd1-49c9-a7f6-7f22646d1c14.jpeg

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Б. Алиев карантин шараларына өзгеріс енгізді.

Облыстық санитар дәрігер қаулысына сай, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін істейді. Ал демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Облыста өткен тәулікте 265 адамнан коронавирус анықталған. 337 адам емделіп шыққан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар