Британия министрі Талибан үкіметіне әсер етуде "ықпалды ойыншы" кім болатынын айтты

/image/2021/09/02/crop-12_7_528x958__120364231_raabqatar2downingstreet.jpeg

"Ұлыбритания Ауғанстаннан кеткісі келетіндер үшін Талибанмен тікелей келіссөз жүргізуі керек" деді Британия сыртқы істер министрі Доминик Рааб.

Доминик Рааб Катардағы келіссөздерден кейін сөйлеген сөзінде тәліптерді "жақын арада" мойындамайтынын айтты.

Бірақ эвакуация туралы ынтымақтастық Талибанның Батыспен қарым-қатынасының "алғашқы маңызды сынағы" екенін жеткізді.

Оның пікірінше Ұлыбритания "шындыққа бейімделуі" керек.

Дохадағы баспасөз мәслихатында Рааб Талибан үкіметіне орташа әсер етуде Катардың "ықпалды ойыншы" болатынын айтты.

Парсы шығанағы мемлекеті сегіз жыл бойы Талибанның саяси кеңсесін қабылдап, тәліптермен Кабул әуежайын қайта ашық ұстау туралы келіссөз жүргізуде.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар