Денсаулық сақтау министрлігі 4 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 4568 адамнан коронавирус, 298 адамнан пневмония анықталған. 3 қыркүйекте 90 адам коронавирустан, 11 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 716 645-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 71 225.
5 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 94 158 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 20 777 пациент стационарда, 73 381 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1537 адамның жағдайы ауыр, 420 пациенттің жағдайы өте ауыр, 220 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бүгінде коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана тұр.
"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бар.
Ал "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары бар.
Ел бойынша жалпы коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 819 137 адам, 2-компонентін 5 646 747 адам салдырған.
Пікір қалдыру