Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсуге қатысты мәлімдеме жасады

/image/2021/09/06/crop-95_11_683x911_6a09b4130e7b6f7d5c7fc8d368fe184d.jpg
Магистратура мен докторантураға тапсыруға қатысты өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында жариялады.  
 
Енді магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Магистратура мен докторантураға түсу емтихандары дәстүрлі түрде тамыз және қосымша желтоқсан айында ұйымдастырылады. 
 
Бұл норма 2021 жылы күшіне енеді деген жоспар бар. Осы мақсатта ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері кешенді тестілеу мен түсу емтихандарын қосымша ұйымдастырады. Құжаттарды қабылдау қараша айында басталады.
 
Жазғы қабылдау науқаны мен өткізілген емтихандардың қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураға арналған білім беру гранттарының артық қалуына байланысты азаматтар осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік гранттарды иелене алады.
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар