Тарихтағы қанды қажылықтар мен жүздеген адамның өмірін жалмаған діни мерекелер

/uploads/thumbnail/20170708194840787_small.jpg

Соңғы онжылдықтарда мыңдаған адам нөпір халықтың аяқ астына тапталып, ажал құшқаны рас. Олардың басым көпшілігі түрлі діни мейрамдардың кезінде орын алған. Осындай қанды мейрамдардың бірсыпырасын «Қамшы» порталы назарларыңызға ұсынады.

 

1.Мекке. Сауд Арабия. 2015 жылдың 24-қыркүйегі.

Мұсылмандардың қасиетті орны Мина жазығындағы қажылық рәсімі кезінде 700-ден астам  адам қаза тапқан. Сонымен қатар, 200-ден астам қажы ауруханаға жеткізілген. Ресми деректерде  олардың 66-сы әйелдер деп көрсетілген. (сурет 1)

                                                            

2.Керала. Үндістан. 2011 жылдың 14-қаңтары.

Үндістердің Сабаримале діни рәсімі кезінде 102 адам тапталып, қаза болған. Бұл діни рәсімге жыл сайын 50 миллион адам қатысады. (сурет 2)

3.Пномпень, Камбоджа. 2010 жылдың 22 қарашасы.

Жергілікті халықтың жыл сайынғы су мерекесі кезінде Тонлесал өзеніндегі көпірде нөпір астында 375 адам қалып қойған. (сурет 3)

 

4.Раджастан. Үндістан. 2008 жылдың 30-қыркүйегі.

Раджастанның Джохопур тауындағы ғибадатханада Шакти Дэви рәсімі кезінде 25 мың адамның аяғының астына 220 тәуапшы қаза болған. (сурет 4)

 

5.Химачал-Прадаш. Үндістан. 2008 жылдың 3-тамызы.

Найна Дэви ғибадатханасында 140-тан астам адам аяқ астында езіліп, өлім құшқан. (сурет 5)

6.Мина. Сауд Арабия. 2006 жылдың 12-қаңтары.

Қажылық сапары кезінде 450 адам Жамарат көпірінде ажал құшқан.(сурет 6)

7.Бағдат. Ирак. 2005 жылдың 31-тамызы.

Имам Муса әл-Қазимаға тауап етуге жиналған 1000-нан астам шиит мұсылмандары Тигр өзеніне батып, жартысы тапталып өлген. Қаза тапқандардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар болған. (сурет 7)

8.Махараштра. Үндістан. 2005 жылдың 25- қаңтары.

Ратангарх қаласы маңындағы  Мандула Дэви ғибадатханасында 300-ден астам Дурга Пурджа мейрамында халық аяқ астаны тапталып, қаза тапқан. (сурет 8)

 

9.Мина. Сауд Арабия. 2004 жылдың 1-ақпаны.

Шайтан қабырғасына тас лақтыру рәсімі кезінде  250-ден астам қажыны нөпір халық таптап кеткен.(сурет 9)

 

10.Аккра. Гана. 2001 жылдың 1-мамыры.

Аккра қаласындағы стадионында жергілікті Accra Hearts of Oak және Asante Kotoko футбол командалары арасындағы ойын кезінде 126 адам ығы-жығы халықтың аяғының астына тапталып қалған. (сурет 10)

 

11.Мина. Сауд Арабия. 1998 жылдың  9-сәуірі.

Шайтан қабырғасына тас лақтыру рәсімі кезінде  120 қажыны нөпір халық таптап кеткен және 180 қажы ауруханаға түскен.( сурет 11)

 

12.Мекке. Сауд Арабия. 1990 жылдың 2-шілдесі.

Кезекті қажылық кезінде 1426 адам тапталып, қаза тапқан.

 

Нұрзат Тоғжан

Дерексөзі: ВВС агенттігі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар