Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 72 адам қайтыс болды

/image/2021/09/12/crop-0_93_562x999_15912035425tr7d_1000x768.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі 12 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 3575 адамнан коронавирус, 270 адамнан пневмония анықталған.

10 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 59, пневмониядан 13 адам көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 839 499-ға жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 72742.

12 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 79 417 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 16 319 пациент стационарда, 63 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 283  адамның жағдайы ауыр, 342 пациенттің жағдайы өте ауыр, 190 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары

"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары

"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы ғана.

2021 жылғы 12 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 072 523 адам, 2-компонентін 5 893 619 адам салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар