ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми іс-сапары кезінде Guggenheim, JP Morgan, Pfizer, Blackstone сияқты компаниялар өкілдерімен, инвестициялық қор мен қаржы институттарының жетекшілерімен кездескен. Бұл туралы «Қамшы» порталы Today.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кездесу барысында компаниялардың Қазақстан экономикасын дамытудың басым бағыттары, ондағы АҚШ компанияларының ықпалы мен Астананың халықаралық қаржы орталығын құру аясында ынтымақтастық мәселелері талқыланған. Атап айтар болсақ, алдағы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен оның негізінде Астананың халықаралық бизнес орталығын құру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Мемлекет басшысы берілген жобаларда АҚШ компанияларының белсенді ат салысатынына сенімділік білдіріп, екі жақты пайдалы негіздегі ынтымақтастық мәселелерін көтерген.
Қортынды сөзінде, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде АҚШ компанияларының экономикамыздың барлық саласында қызмет атқарып келе жатқанынын атап өткен.
Пікір қалдыру