Қаламыздағы жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 632 шақырымы Еңбекші ауданына қарасты. Қазіргі уақытта аудандағы 393,4 шақырымға асфальт жол, 208,1 шағал тас болса, ал 30,5 шақырым топырақ жол болып табылады.
Биыл мұнда 62,4 шақырым асфальт жолға жөндеу жүргізіліп, 13 шақырым жолға шағал тас төсеу жоспарланған. Қаламыздағы жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 632 шақырымы Еңбекші ауданына қарасты. Қазіргі уақытта аудандағы 393,4 шақырымға асфальт жол, 208,1 шағал тас болса, ал 30,5 шақырым топырақ жол болып табылады. Биыл мұнда 62,4 шақырым асфальт жолға жөндеу жүргізіліп, 13 шақырым жолға шағал тас төсеу жоспарланған.
Қала әкімінің Еңбекші ауданына барған сапары кезінде жол бойынша атқарылған жұмыстарды қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов баяндады.Күрделі жөндеу жұмыстарына сәйкес, «Корпорация Береке—А» құрылыс компаниясының мердігерлігімен 17 көшеге, яғни 6 шақырым жол жөнделіп, толығымен пайдалануға берілген.
Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы саны 40 шалғай және ішкі орам көшелері, яғни 50,2 шқ жол жөндеуден өтуде. Оның ішінде 28 көше (70%) толығымен аяқталған, 9 сотпен тоқтатылған, ал 3 жұмыс барысында. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталмақ. Ауданның магистралды көшелері - Ж.Шаяхметов, Ақназар хан және К.Цеткин көшелерінде 46% жұмыс аяқталып, қазіргі уақытта сотпен тоқтатылған.
Ал, қиыршық тас төсеу жұмыстарын мердігер мекеме «Пример-Строй» ЖШС жүргізді. Ауданға қарасты Еламан, Жұлдыз, Оңтүстік және Бадам шағын аудандарындағы 13 шақырымды құрайтын 21 көшеге шағал тас төселді. 2022 жылғы жоспар Еңбекші ауданындағы ұзындығы 111,4 шақырым болатын 44 көшеге асфальт салу жоспарланып отыр.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының шеткі аймақтарды дамыту туралы берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында шағынаудандар мен тұрғын алаптардың инфрақұрылыммен қамтылу жайын пысықтады.
Ауданның электр жүйесімен қамтылу жағдайын баяндаған Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков ауданның мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші 96,5 пайызды құрайтынын жеткізді. Қазіргі таңда Жалын тұрғын алабында, Жұлдыз және Қарабастау тұрғын алабтарының жаңақұрылысында сапалы электр желісін тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, 10 тұрғын алаптағы жекеменшік жүйедегі 2,5%-ды және жаңа құрылыс учаскелеріндегі қамтылмаған 1,0%-ды сапалы электр қуатымен қамту үшін қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-мен жобалық сметалық құжат әзірленуде екенін айтты. Ағымдағы жыл соңында ЖСҚ аяталған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге өтінім беріледі. 2022 жылы Қарабастау, Қаратөбе, Айнатас, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1/2, Тұрдыабад, Маятас, Еламан тұрғын алабтарының электр сапасы артады. Осылайша алдағы жылдары Еңбекші ауданындағы 47 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатына қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетпек.
Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 56 көпқабатты үйдің аулалары жаңартылады. Аталған жұмыстарға бюджеттен 890 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Д.Есілбек ауданда атқарылған жұмыстар барысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстыру барысында айтты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде екен. Қалған 32 көпқабатты үй бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы өткізілуде.
Еңбекші ауданы бойынша 630 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген. Ауданда 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңмен 565 үйдің 373 ауласы абаттандырылған.
Аулалары бұрын абаттандырылған үйлердің басым бөлігіндегі ойын элементтерінің тозығы жеткен, жаңалауды қажет етеді. Ауданда ағымдағы жылдан бастап аулаларды қайта абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын жаңалау жұмыстары Қазақстан
Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.
2022 жылы абаттандыру жұмыстары осы жоба шеңберінде жүргізілетін болады. Айта кетейік, осы жылдың қыркүйек айынан бастап тұрғындардан жобалық ұсыныстар аудан әкімі аппаратының ресми сайты арқылы қабылдау басталды.
Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуды және спортты баршаға қолжетімді етуді айтқан болатын. Осы бағыттағы жұмыстармен қала әкімі Мұрат Әйтеновті бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек таныстырды.
Аталған ауданда жалпы 2021 жылға дейін 85 ашық спорт алаңшалары орнатылған. Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында және қала әкімінің тапсырмасына сәйкес осы жылы ауданда 15 ашық спорт, тренажер, воркаут алаңшалары орнату жоспарланған.
Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабында демеуші есебінен 1 ашық спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылған. Жоба құны 13,5 млн. теңгені құрайды.
Сонымен қатар 14 спорт алаңшасын орнату бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде. Аудан әкімінің айтуынша, 2011-2014 жылдар аралығында орнатылған қолданыстағы ашық спорт алаңшалырының 21-нің тозуына байланысты, келесі жылы қайта құру жоспарда бар. Одан бөлек, шалғай аумақтардан 10 спорт алаңшасын жаңадан құру жоспарлануда.
Пікір қалдыру