Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың Қаратау ауданында жүзеге асырылуын бақылау үшін аудандағы инженерлік инфрақұрылым жұмыстарымен танысты.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың Қаратау ауданында жүзеге асырылуын бақылау үшін аудандағы инженерлік инфрақұрылым жұмыстарымен танысты.
Аудан аумағында орналасқан 24 елді мекенде 247 мыңнан астам халық тұратынын айтқан аудан әкімі А.Әліқұлов бүгінде 18 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылғанын, екі елдімекен кестемен, қалған төртеуі тасымалды су пайдаланатынын жеткізді.
Халық тұтынатын судың сапасын арттыру мақсатында биыл Қаратау ауданы бойынша 3 магистралды суаққының құрылысы және 3 шағын ауданда ауыз су жүйесі тартылып жатыр.
Қаратау ауданында ауыз су инфрақұрылымы бойынша атқаралып жатқан жұмыстар жайын Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков баяндады.
Оның айтуынша, 3 магистралды суаққының құрылысы кестеге сай жүргізілуде екен. Сонымен бірге жалпы ұзындығы 59,8 шақырымды құрайтын Тұран шағын ауданындағы ауыз су құбырының құрылысы 100 пайыз аяқталып, бүгінде құбырларды жуып-шаю жұмыстары атқарылуда.
Ал, Асар-2 шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 156,1 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Нұртас шағын ауданындағы ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының бүгінде 18,36 шақырымы орнатылған. Аталған жұмыстар аяқталуына орай, ауданда 7 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, көрсеткіш 83,5 пайызды құрайтын болады. Айта кетейік, аудан аумағында ауыз сумен қамтуды қажет ететін 6 елді мекен бар. Олар Асар-2 ш/а (2 кезек), Бозарық с/ж, Қайнарбұлақ т/а, Исфиджаб т/а, Сайрам т/а, Қызылсу тұрғын алаптарының жаңа құрылыс аумақтары. Аталған елді мекендер «Шымкент қаласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» енгізілген.
Қаладағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 1151,5 шақырымы Қаратау ауданына қарасты. Қазіргі таңда аудандағы жолдардың 582 шақырымы асфальт, 486,1 шақырымы шағал тас болса, 83,3 шақырымы топырақ жол болып табылады. Биыл мұнда 89,1 шақырым асфальт жолға жөндеу жүргізіліп, 62 шақырым жолға шағал тас төсеу жоспарланған.
Қала әкімінің Қаратау ауданына барған сапары кезінде жол бойынша атқарылған жұмыстарды қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов баяндады.
Күрделі жөндеу жұмыстарына сәйкес, «Алем Транс Жол» құрылыс компаниясының мердігерлігімен 17 көшеге, яғни 19,3 шақырым жол жөнделіп, бүгінде оның 65% пайдалануға берілген. Ауданда күрделі жөндеу бойынша 34,7 шақырымға аяқжол салу жұмыстары жүріп жатыр.
Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы саны 38 шалғай және ішкі орам көшелері, яғни 54,4 шақырым жол жөндеуден өтуде. Оның ішінде 26 көше (68,4%) толығымен аяқталған, 2 сотпен тоқтатылған, ал 10 жұмыс барысында. Сонымен қоса 17,3 шақырымдық аяқжолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.
Ал, қиыршық тас төсеу жұмыстарын мердігер мекеме «Пример-Строй» ЖШС жүргізді. Ауданға қарасты шағын аудандарындағы 62 шақырымды құрайтын 102 көшеге шағал тас төселу үстінде. Бүгінде жұмыстардың 76 пайызы аяқталған. Аялдама жағдайына келер болсақ, Сырым батыр көшесіне 30 жаңа аялдама және Таскен шағын ауданына 10 ескі аялдама орнатылды. 2022 жылғы жоспарға сәйкес Қаратау ауданындағы ұзындығы 50,9 шақырым болатын 43 көшеге асфальт салу жоспарланып отыр.
Шымкенттегі Қаратау ауданында осы жылға дейін 1272 көшенің 36 көшесі жарықтандырылған болатын. Биыл ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы 40 көше жарықтандырылады. Қазір оның 19 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, жарықшамдар қойылды. Бұл туралы мегаполис әкіміне энергетика және инфрақұрымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков баяндады.
Атап айтқанда, Жоламан, Сарбаздар, Аширов, Гүлдала, Алтынсарин, Мұзтау, Ақпейіл, Арайлы таң, Зеңгі ата, Ақбота, Түлкиев, Бозарық ш/а Ұстамұхамат, Ақжайық ш/а Бөкейханов, Нұртас ш/а Шертер, Қазақ радиосы, Ақ алтын, Зере, Құсқоңыр және Кентара көшелері.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 21 көше - Назарбаев, Асар ш/а Жейхун және балалар емханасының аумағы, Ақбастау, Нұрсат ш/а ішкі орамдарға, Амангелді және Төлеметов көшелеріне, Қайнарбұлақтағы Степная көшесіне, Сіргелі, Асар ш/а №4 және Атекент көшшелері, Орманшы ш/а Алатау, Сайрам т/а Ибрагим ата, Мерген төбе, Кемеқалған, Бабашұлы, Өтебаев, Балқыбеков, Әбдіров, Бекмаханов, Мәртөбе т/а орталық көшелер жарықтандырылмақ.
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында ауқымды шаралар қолға алынған. Қаратау ауданының өзінде бұл жылы 32 аулаға қосымша балалар ойын және спорт алаңшаларын салу жұмыстары жоспарланған. Қала әкіміне бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар жөнінде аудан әкімі А.Әліқұлов баяндап өтті.
Тұран шағын ауданындағы Адия тұрғын үй кешені мен Асар шағын ауданында орналасқан 3 ауланы абаттандыру және Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 4 аула, 1 елді мекенге (Тұран ш/а Отау Строй т/к, Өтеміс т/а) балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
21 аулаға (Тұран ш/а, Ақжайық ш/а, Асар ш/а) балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнатуға қаржы қаралған. Қазіргі таңда аулалардың мемлекеттік актілері рәсімделген.
Ашық спорт алаңшаларына келер болсақ, ауданда 25 ашық спорт алаңшасы мен 2 әмбебап спорт алаңшасы салынатын болды.
Сонымен қатар, Бозарық шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабына демеушілер есебінен ашық спорт алаңшасы салынып, ел игілігіне пайдалануға берілгенін жеткізді.
Қаратау ауданы тұрғындарының 73,7 пайызы бүгінде табиғи газбен қамтылған. Себебі мұнда жаңа құрылыс алаңдары салынып, халық қоныстанып келеді. Аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында биыл бір магистралды газ құбыры мен төрт елдімекенге газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.
Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды қала әкімі М.Әйтеновке қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков баяндады.
Қазіргі уақытта Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданында 46,06 шақырымды, Асар-2 шағын ауданында 50,4 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйлерінің құрылысы мен Азат шағын ауданында газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, Тассай шағын ауданында келер жылға өтпелі газ құбырын тарту жұмыстары осы жылы басталады.
Ал Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «МПК проект» ЖШС-і анықталған. 2022 жылы жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады.
Аталған жұмыстар аяқталуына орай, табиғи газбен қамтылу көрсеткіші - 85 пайызды құрайтын болады.Бүгінгі таңда Қаратау ауданында 47 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның 80 пайызға жуығы мемлекеттік қуат көзіне қосылған. Ал, қалғаны жекеменшік трансформатордан қуат алады. Қазірде Қаратаудағы бірнеше шағын ауданда электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жайын қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков таныстырып өтті.
Оның айтуынша, ауданда қуаттылығы 220 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы іске қосылып, осы кешеннен қуат алатын «Нұрсәт», «Астана-1», «Астана-2» қосалқы станцияларының құрылыстары аяқталғанын және «1-М-1» қосалқы станциясы осы айдың соңында пайдалануға берілетінін жеткізді.
«Бозарық» қосалқы станциясы қаланың құрылысы қарқын алған солтүстік бөлігін электр қуатымен қамтамасыз етеді. Яғни, Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкентсити, Достық, Нұрсәт шағын аудандарының электр қуатының сапасы артады.
Қазіргі уақытта Достық тұрғын алабында 224 электр бағанасы орнатылып, 14 шақырым электр желісі тартылған. Құрылыс жұмыстарының 70 пайызы атқарылған. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Нәтижесінде Достық тұрғын алабындағы 234 отбасы сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, Тұран мен Нұртас шағын аудандарында және Қайнарбұлақ тұрғын алабында сапалы электр жарығымен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сондай ақ, Асар-2 шағын ауданында электр бағаналары орнатылып, электр желісі тартылып қойған. Осы айдың соңында «1-М-1» қосалқы станциясы іске қосылғанда Асар-2 шағынауданы сапалы электрмен қамтылатын болады.
Осы аталған жұмыстардың барлығы толық аяқталған аудандағы 12 мың тұрғын мемлекеттік қуат көзіне қосылады.
Пікір қалдыру