Құрметті маңғыстаулықтар!
Алматы. Қамшы порталы - Баршаңызды күллі мұсылман әлемі үшін ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан Айт – мұсылман қауымның бір-біріне ізгі тілектерін жолдап, ризық-несібесімен бөлісетін, мейірімділік пен әділдік тәрізді жоғары рухани құндылықтарды насихаттайтын қасиетті мейрам. Бұл күндері әр мұсылман отбасы Жаратқанның жолына құрбандық шалып, ата-бабаның рухына Құран бағыштайды.
Тәуелсіздік алғалы Елбасымыздың қолдауымен бұл мереке мемлекеттік деңгейде айрықша қуанышпен, ерекше ілтипатпен аталып келеді.
Бүгінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында, елімізде діндер мен мәдениеттердің санқилылығына қарамастан, қазақстандықтар арасында сыйластық пен сенімділік қатынастары дамуда. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының жоғары деңгейде атап өтілуі осының айқын бір дәлелі.
Қадірлі жерлестер!
Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, рухани тазалығымыздың себепшісі болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын! Алла тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын.
Құрбан Айт мерекесі құтты болсын!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев
Пікір қалдыру