Орын Құлсариев “Қазақ хандығына 550 жыл” мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды

/uploads/thumbnail/20170708194859492_small.jpg

Алматы. Қамшы порталы - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев “Мерейлі отбасы” ұлттық байқаудың жеңімпаздары Құлсариевтер отбасымен кездесіп, оларды мемлекет Басшысы тағайындаған “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауындағы жеңістерімен құттықтады.

- Орын аға және Жұлдыз апа, Сіздердің шаңырақтарыңыздағы құндылықтар, тәрбиелеудің дәстүрлілігі барлық еліміз үшін неке институтының жақсы жақтарын насихаттайтын бақытты үлгілі отбасының үлгісі бола білді. Сіздер 12 баланы, 46 немере мен 41 шөберені патриотизм, Отанының болашақта гүлденуі мен аман-саулығы  үшін жауапкершілік рухында тәрбиеледіңіз. Сіздердің “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауындағы жеңістеріңіз барлық Маңғыстау облысының жетістігі  болып табылады, - деп атап өтті аймақ басшысы Алик Айдарбаев.

Бұдан соң, Алик Айдарбаев отбасының отағасы Оғын Құлсариевке “Қазақ хандығына 550 жыл” мерейтойлық төсбелгісін тапсырды.

Маңғыстау облысының Әкімінің баспасөз хабаршысы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар