Алматы. Қамшы порталы - Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінің Маңғыстау филиалында өткен брифинг барысында Маңғыстау облысы Ішкі істер басқармасы криминалдық полициясының басшысы Мэлс Джусупов хабарлады.
- Мен Маңғыстау облысы ішкі істер басқармасына балалардың жоғалуы туралы арыздардың келіп түспегені жайлы ресми түрде хабарлағым келеді. Әлеуметтік желілерде таратылып отырған қыз баланың өзін машинаға отырғызбақшы болған ер адамдар жайлы айтқан әңгімесі жазылған бейнероликтерге келетін болсақ, біз роликке түсірілген қыз бала мен оның ата-анасын іздеп таптық. Қыз баланың сөздерін растамаған егде ер адамды, яғни куәгерді де таптық, - деп хабарлады Мэлс Джусупов.
Оның сөзіне қарағанда, көрінеу жалған мәлімет таратқан тұлғаларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық Кодексінің 419 бабына “Қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу” сәйкес, оларға айыппұл салу немесе түзету не қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаға тартылады.
- Аймақтың әр мектебінде жасөспірімдермен жұмыс бойынша инспектор кезекшілік атқарады. Басқарманың жедел тобы тұрақты әзірлік жағдайында. Мектептердегі сабақтар сабақ кестесіне сай жүргізіледі. Өз тарапымнан ата-аналар мен балаларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерткім келеді, - деп атап айтты Маңғыстау облысы Ішкі істер басқармасы криминалдық полициясының басшысы Мэлс Джусупов.
Mangystau Online ақпараттық орталығы
Пікір қалдыру