Ақтауда күрделі құрылыс жұмыстарынан кейін қалалық жастар орталығы қайта ашылды

/uploads/thumbnail/20170708194900647_small.jpg

Алматы. Қамшы порталы - 18  қыркүйек  күні  Ақтау қаласының 52 жылдығы қарсаңында, қала әкімі Серікбай Трұмов және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиеваның қатысуымен қалалық «Жастар орталығы» ғимаратының ашылуы өтті.

Қала басшысы ғимараттың күрделі құрылыс жұмыстарынан кейін қайта ашылғанымен құттықтап, жаңа ғимараттың лентасын қиюға «Болашақ» колледжінің студенттеріне табыстады.

Шахар жастарының басын қосатын бұл орталық 2001 жылдан бері облыстық «Арман» жастар орталығы болып ашылып жұмыс атқарған болатын, алайда бұрынғы ғимараттың тозығы жетіп, жастарды қолдау, оларға ыңғайлы жағдай жасау үшін 2013 жылы жаңа ғимаратқа жоба жасақталып, аталған нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге 204 млн. теңге бөлінген болатын.

Қазіргі жаңадан ашылған орталықта 32 кабинет, конференц залы, мерекелік іс-шараларды өткізуге арналған акт залы, жастардың музыкалық білімін дамытуға ықпал ететін бірнеше ән студиялары орналасқан және «Ақтау қалалық жастар орталығы» мәдени-демалыс кешені» коммуналдық мемлекттік мекемесі, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы және әр-түрлі үкіметтік емес ұйымдарды бұл ғимаратқа орнығып ақтаулық оқушылардың, студент жастардың бастарын біріктіретін жастар үйіне айналады,- деді «Ақтау қалалық жастар орталығы» мәдени-демалыс кешені» коммуналдық мемлекттік мекемесі директорының орынбасары Дәулет Сағынтаев.

 Сонымен қатар аталған ғимаратта, балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың шеберлігін арттыру, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу мақсатында әр түрлі үйірмелерде қызмет атқаратын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар