Қала әкімі Серікбай Өтелгенұлы ХІІІ Азия чемпионатына қатысқан спортшыларды қабылдады

/uploads/thumbnail/20170708194901295_small.jpg

Алматы. Қамшы порталы - 16 қыркүйек күні Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов Иокогома қаласында өткен 13-ші Азия чемпионатына каратэ – додан Қазақстанның құрама командасында өнер көрсеткен ақтаулық спортшыларды қабылдады.

Кездесуге ҚР каратэ – до федерациясының вице Президенті Сәрсенбай Абдулаев, каратэ-додан Қазақстан құрама командасының бас бапкері – Парвиз Мансуров және Азия чемпионатына қатысқан ақтаулық спортшылар қатысты.

ҚР каратэ – до федерациясының вице Президенті Сәрсенбай Абдулаев:ХІІІ Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальдарды иемденіп, үздік ІІІ орынды алды. Құрама команданың бұл жеңіске қол жеткізуіне Ақтау қаласы спортшыларының үлесі өте көп. Атап айтсам, 75 келі салмақта Ермек Aйназаров Азия чемпионы атанса, Сабина Захарова финалда  жеңіліп, екінші орынға ие болды, ал, қолалы 3-ші орынды Гаухар Чайкузова әкелді,- деп атап өтті.

Аталған кездесуде қала басшысы Серікбай Өтелгенұлы спортшыларды  жеткізген жетістіктермен құттықтап, оларға алғыс хатпен бағалы сыйлықтар табыстады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар