Солтүстік Қазақстан облысында шәкіртінің маңдайына "екілік" деп жазып берген мұғалім жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы nur.kz сайты хабарлайды.
Бұл аздай,оқушының жақындары моральдық нұқсан келтірді деп айып талушыдан миллион теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні Жамбыл ауданындағы Бауман атындағы орта мектепте алгебра пәні кезінде мұғалім Қымбат Әсімжанова барлық оқушылардың көзінше жетінші сынып оқушысының шашын түбінен қиып тастап, маңдайына қаламмен "екілік" деп жазып, өшірмеуді талап еткен.
Қымбат Әсімжанова ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы, екінші тармағы бойынша сотқа жіберілді. Қазір істі Солтүстік қазақстан облысы Жамбыл аудандық соты қарап жатыр.
Пікір қалдыру