Денсаулық сақтау министрлігі 18 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2781 адамнан коронавирус, 210 адамнан пневмония анықталған.
17 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 56, пневмониядан 5 адам көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 860 424-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 74 025.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 284 247 адам, 2-компонентін 6 143 661 адам салдырған.
19 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 70 822 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 095 пациент стационарда, 57 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1041 адамның жағдайы ауыр, 264 пациенттің жағдайы өте ауыр, 169 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
"Жасыл" аймақта - Түркістан, Жамбыл облыстары.
Пікір қалдыру