Биыл елімізде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қой жылы Қазақ хандығының-550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы, егемен еліміздің Ата Заңының қабылданғанына-20 жыл сияқты айтулы мерекелер еліміздің аумағында салтанатпен тойлануда. Соның бірі Қазақ хандығының-550 жылдығы және еліміздің Ата Заңының 20 жылдығына орай Бейнеу аудандық мұражайда өткен бас қосу болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Бұл мерекеге ауданның ардагерлері, аудан өңіріндегі №51809 және 2087 әскери бөлімінің әскерлері мен офицерлері, мұражай және аудандық әкімшілік қызметкерлері шақырылды. Бас қосуды қысқаша сөзбен ашқан мұражай қызметкері Базарбибі Хадисова құттықтау сөз кезегін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жазылбек Мырзабековке жолдады. Оның соңынан аудандағы ардагерлер, шекара сарбаздары, аудан халқын мерекемен құттықтады. Әрбір құттықтау ән-жырмен көмкерілді. Мұражай директоры Ғ.Жұмаханов аудандағы соғыс ардагерлеріне бағалы сыйлықтар жасады. Мұражай басшысы еліміздің мәртебесі мен абыройы арта беруін, халқымыздың бірлікте, татулықта, тыныш өмір сүруін тілеп, лебіз білдірді.
Ж. Нәренбайұлы, Бейнеу селосы
Бейнеу аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру