Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету мақсатындағы Құланды селосы бойынша құрылған іс-шаралар жоспарына сәйкес қыркүйек айында Құланды селосы, МКҚК «Аружан» балабақшасында «Мүлдем төзбеушілік» қағидасына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында балабақша әдіскері Н.Жарылғасова «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» тақырыбында баяндама оқып, тыңдармандарға қоғамдық орындарда азаматтардың мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершілік туралы түсіндіріп өтті. Балабақшаның педагог-психологы Г.Амирова мәдениетсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында «Әлемнің жеті кереметі» атты тақырыпта видеоролик көрсетіп, тыңдармандарды қосымша мағлұматтандырды.
Сонымен қатар, тамыз айында «Үлгілі аула» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – ауыл тұрғындарын аула, көше және жалпы ауыл территориясын таза ұстауға шақыру, үй аулалары мен көшелерді абаттандыруға ынталандыру. Байқауда ауыл бойынша М.Өскінбайұлы көшесі № 32 үйдің тұрғыны С.Тілегеновтің ауласы ерекше таза әрі көріктендірілген аула деп ұсынылып, арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Байқауда белсенділік танытқан басқа да азаматтар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Құланды селосында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру шаралары әлі де жалғасын таба бермек.
Құланды селосы әкімінің аппараты
Пікір қалдыру