19 қыркүйек күні аудан орталығы Шетпе селосында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бұқаралық спортты дамыту және ұлттық спорттық өнерді жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында облыстық ат спорты федерациясы аудан әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған ат спорты түрлерінен ересектер арасында облыстық чемпионат өткізілді.
Чемпионат аударыспақ ойынымен басталып, 60 кг салмақта Қарақия ауданынан Дүйсенбаев Руслан, 70 кг салмақта Маңғыстау ауданы Түйебаев Бердіғали, 80 кг салмақта Мұнайлы ауданы Ермағанбетов Ербол, Маңғыстау ауданынан 90 кг салмақта Серікбаев Елдос, 90 кг- нан жоғары салмақта Олжабаев Асхат сынды спортшылар жеңімпаз атанды.
Аламан бәйге бойынша Түпқараған ауданы Айдаров Жолболдының Сұлушашы атты сәйгүлігі 1 орынды, Қарақия ауданы Бағдабаев Аманғалидің Жезкиік атты сәйгүлігі 2 орынды, құнан жарыста Түпқараған ауданы Айдаров Жолболды 1 орын, Маңғыстау ауданынан Бөлтеков Әлке 2 орын, Бектұрсынұлы Серікжан 3 орынды иеленді.
Ұлттық спорт ойындарын насихаттау, сол арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында «Көкпар», «Теңге ілу» ойындарынан көріністік жарыстар ұйымдастырылды.
Барлық жеңімпаздар дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру