Бүгін Маңғыстау ауданында тұңғыш рет аудандық Жастар саясаты орталығы жанынан балалар мен жасөспірімдерге арналған «Зияткер» аула клубы ашылды. Клубқа мұрындық болған «Маңғыстау аудандық жастар саясаты орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі мен аудандық білім бөлімі.
«Зияткер» аула клубында балалар мен жасөспірімдердің демалуына, денсаулығын жақсартуына, шығармашылығын дамытуға, сондай-ақ, олардың қараусыз жүруінің алдын алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Клубта үздік мамандардың жетекшілігімен шахмат, тоғызқұмалақ, шашкі, дойбы ойындары бойынша секциялар жұмыс істейді.
Айта кетейік, аталмыш клуб аудан бойынша тұңғыш рет ашылып, аула клубы ауданда тұратын балалар мен жасөспірімдер кездесетін, шығармашылық идеяларын жүзеге асыратын және демалыс орталығына айналды. Жасөспірімдер мен жастар мүдделі клубтар мәдени іс-шаралар мен демалыс ұйымдастыру арқылы оларды көшедегі зиянды әсерлерден қорғайды. Аула клубын ашудың мақсаты – демалысты ұйымдастыру, жастар мен жасөспірімдердің шығармашылық бастамаларын қолдау, жастар зияткерлігін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды халық шығармашылығына тарту, мәдени - ағартушылық іс - шаралар өткізу болып табылады.
«Үш ай сайын және алты ай, тоқсан сайын және тіпті жыл соңында үздік аула клуб мүшелері марапатталып тұратын болады. Әзірге Шетпе басындағы орта мектептерден 70 -ке жуық оқушы жастар клубқа қатысуға ниет білдіріп отыр. Жыл сайын клуб қабырғаларында халықтың түрлі топтарынан шыққан мыңдаған бала тегін тәрбиеленіп шығады: жетім, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, девиантты балалар және т.б.» - дейді клуб жетекшісі Әлия Сейтаназарова .
Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру